383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда қылмыстық топтардың 180 мүшесі қолға түсті

  • 319
  • UPD: 21:53, 09.01.2019
Бразилияда қылмыстық топтардың 180 мүшесі қолға түсті

Бразилияның Сеара штатында полиция қылмыстық топтардың 180 мүшесін тұтқындады. Шара соңғы бірнеше күнде елдің солтүстік аймақтарында жасалған шабуылдардан соң жүзеге асып отыр.

Арнайы операция кезінде 3 тәртіп сақшысы қаза тапқан.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Форталеза қаласындағы қаржы ғимараты мен полиция учаскелеріне шабуыл жасалып, көліктерді өртеу деректері көбейген болатын. Салдарынан Сеара аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қылмыстық топтарға қарсы операция басталды. Осы мақсатта елдің солтүстігіне федералдық қауіпсіздік агенттігінің 300-ден астам арнайы агенті жіберілген еді.

Хабар 24 телеарнасы