386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лас-Вегаста әлемдегі ең ауқымды CES технологиялық көрмесі ашылды

  • 707
  • UPD: 13:00, 10.01.2019
Лас-Вегаста әлемдегі ең ауқымды CES технологиялық көрмесі ашылды

АҚШ-тың батысындағы Лас-Вегас қаласында әлемдегі ең ауқымды CES (Consumer Electronics Show) технологиялық көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда мамандар мен келушілердің назарына соңғы үлгідегі түрлі технологиялар ұсынылды. Мәселен әуежайда өз иесінің артынан қалмайтын ақылды жол сандық. Немесе балаларға жүзуді үйрететін электронды тақтайша. Оның құны 199 долларды құрайды. Сондай-ақ LG компаниясы өзінің соңғы үлгідегі теледидарын таныстырып, қонақтардың таңдайын қақтырды. Жаңа аппараттың диагоналі 65 дюймді құрайды. Соған қарамастан дизайны ерекше. Тіпті арнайы пульт арқылы теледидарды шағын қорапқа жинап қоюға болады.

Боб Лоутон, LG Electronics-тің АҚШ-тағы өкілі:

- Бұрындары теледидарды терезенің алдына немесе бөлменің қақ ортасына қоя алмай әуре болушы едік. Енді міне, соңғы үлгідегі теледидар өте ыңғайлы форматта жасалған. Оны кез келген уақытта арнайы қорабына салып қоюға болады. Егер фильм көргіңіз келсе, қораптан толығымен шығарасыз. Ал, егер ауа райын немесе уақытты көргіңіз келсе, көк жәшіктің бір бөлігін ғана шығарсаңыз жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы