386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ кеңесіндегі төрағалық ресми түрде Румынияға өтті

  • 669
Еуроодақ кеңесіндегі төрағалық ресми түрде Румынияға өтті

Еуропалық одақ кеңесіндегі төрағалық ресми түрде Румынияға өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай ел астанасы Бухаресте одақ басшыларының қатысуымен салтанатты шара жүрді. Дегенмен алдағы 6 ай Еуропа үшін ең қиын кезең болайын деп отыр. Себебі одақты наурыз айында Брексит, мамырда Еуропалық парламентке сайлау күтіп тұр. Ал ортақ аймақта кедей мемлекеттің бірі болып саналатын Румынияның өзі қазір саяси тұрғыдан екіге бөлініп, мемлекеттегі жағдай Брюссельдің жіті бақылауында. Өйткені елді сыбайлас жемқорлық жайлап, сын көбейген. Жалпы Румынияның төрағалығы шілденің 1-і күні бітеді. Содан кейін Еуроодақ кеңесіндегі басшылық Финляндияға көшеді.

Жан-Клод Юнкер, Еурокомиссия төрағасы:

– Меніңше, Румынияның төрағалығы Еуропа екіге бөлініп жатыр деген жаңсақ пікірді жоққа шығарады деп ойламын. Ел ішінде де ауызбіршілік болғаны дұрыс. Мемлекеттің ішкі мәселесі Еуроодаққа кері әсер ететіні анық. Бірақ заңсыздықпен ымырасыз күресуіміз керек.

Клаус Йоханнис, Румыния президенті:

– Біз Юнкер мырзамен және өзге де еурокомиссарлармен алдағы төрағалыққа байланысты мәселелерді талқыладық. Оның ішінде Брекситпен бірге одақтың бюджеті және миграция мәселесі бар. Мақсат – Еуроодақтың стратегиялық дамуын таразылау. Ал Брекситке келетін болсақ, біз Ұлыбританияның одақтан шығуының кез келген түріне қатысты дайындық шараларын қолға алуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы