427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекия Македония атауын өзгерту келісіміді бекітті

  • 1622
  • UPD: 11:07, 26.01.2019
Грекия Македония атауын өзгерту келісіміді бекітті

Грекия парламенті Македония Республикасы атауын Солтүстік Македония Республикасына өзгерту туралы келісімді бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатты ратификациялау шешімін 153 депута қолдаса, 146-сы қарсылық танытты. Даусы беру нәтижесін басқарушы партия қол шапалақтап қарсы алды. Еуроодақ та келісімді ратификациялау шешімін қолдайды.

Айта кеткен жөн, Афина мен Скопье өткен жылдың маусым айында Преспа көлінің жағасында ортақ келісімге қол қойған еді. Преспандық келісім мемлекет атауын өзгерту бойынша көпжылдық дауға нүкте қойып, Скопье үшін НАТО мен Еуроодаққа жол ашады. Бірақ Грекия мен Македонияда бұл келісім қатаң сынға ұшырады. Гректердің айтуынша, македондықтар деп тек елдің солтүстігіндегі тұрғындарды ғана айтуға болады. Себебі тарихи өңір сол. Қалған бөлігі «көрші мемлекет болып саналады» дейді. Ал Скопье «бұл келісім елдің ұлттық тұтастығына зақым келтірді» деп санайды.

Хабар 24 телеарнасы