383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландта тұрмыстық газ жарылып, 9 адам зардап шекті

  • 305
  • UPD: 11:32, 28.01.2019
Нидерландта тұрмыстық газ жарылып, 9 адам зардап шекті

Нидерландтың Гаага қаласында тұрмыстық газ жарылды.

Салдарынан 9 адам жарақат алды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Жойқын жарылыстан 3 қабартты тұрғын үйдің жартысы қирап қалды. Құтқарушылардың айтуынша, 7 адам ауруханада жатыр. Жақын маңдағы тұрғын үйлерден барлық адамдар эвакуацияланды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тұрғындар бір апта бойы газдың иісі сезілетіндігін айтқан болатын. Алайда дер кезінде тиісті шара қолға алынбаған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу ісі жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы