410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия Sea Watch кемесіндегі босқындарды қабылдауға дайын

  • 623
  • UPD: 09:57, 31.01.2019
Италия Sea Watch кемесіндегі босқындарды қабылдауға дайын

Италия осыдан 10 күн бұрын Ливия жағалауында құтқарылған Sea Watch кемесіндегі 47 мигрантты қабылдауға дайын.

Бірақ олар бірден Нидерланд немесе Германияға жіберілуі керек. Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрі Маттео Сальвини мәлімдеді. «Себебі Италия осы уақытқа дейін көптеген келімсекті паналатты», – дейді ол.

Еске сала кетейік, қаңтардың 19-ы күні неміс үкіметтік емес ұйымының Sea Watch кемесі Ливия жағалауында 47 мигрантты құтқарып алған болатын. Ресми Рим олардың Сицилия айлағына тоқтауына рұқсат еткен. Бірақ келімсектердің жағаға түсуіне тыйым салды. Келімсектерді қай мемлекет қабылдайтыны шешілмей, олар әлі күнге дейін кемеде тұрып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы