389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла әскері гуманитарлық көмекті елге кіргізуге кедергі жасады

  • 651
  • UPD: 14:06, 07.02.2019

Венесуэлада әскерилер шет елдерден жіберіліп жатқан гуманитарлық көмекті елге кіргізуге кедергі келтіріп жатыр. Олар Колумбиямен шекарадағы көпірді жауып, Кукута қаласынан шыққан 2 көлікті өткізбей қойды.

Бұл туралы оппозиция өкілдері мәлімдеді. Жалпы елге азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізу ісіне оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоның өзі басшылық етті. Осыған байланысты ол Мадуродан жағдайды ушықтыратын әрекетті тоқтатуға шақырды. Еске сала кетейік, кеше Венесуэланың Ұлттық Ассамблеясы елде 300 мың адам аш-құрсақ жүргенін мәлімдеген. АҚШ, Канада, Еуроодақ елдері шұғыл көмек көрсететінін жеткізді. Бірақ президент Николас Мадуро шет мемлекеттердің гуманитарлық қолдауы оппозицияның шоуы деп, олардан бас тартуға үгіттеді.

Хуан Гуайдо, оппозиция жетекшісі:

- Қазір елдің болашағын өзгертетін уақыт келді. Біз бұл туралы мемлекеттің қарулы күштеріне айтып түсіндіргенбіз. Мен әскерилермен әр кездескен сайын олардың осы іске араласуы кезек күттірмес мәселе екенін жеткізудемін.

Хабар 24 телеарнасы