384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралия тұрғындары алапат дауылдан әбігерге түсті

  • 271
  • UPD: 10:28, 10.02.2019
Австралия тұрғындары алапат дауылдан әбігерге түсті

Австралияның оңтүстік жағалауында сұрапыл дауыл соқты. Қатты желмен бірге нөсер жауын аралас бұршақ жауды. Табиғаттың тосын сыйынан 25 мың тұрғын үй жарықсыз қалды. Көшеде ағаштар құлап, жолдар мен ғимараттарды су шайып кетті.

Жергілікті билік дауылдан Сидней қаласы ең көп зардап шеккенін айтады. Ондағы мамандар апаттан келген шығын көлемін есептеуге кірісті. Әзірге мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Осыған орай құтқарушылар тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы