422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Финляндияда «Тақтар ойыны» сериалының желісімен қонақүй ашылды

  • 882
  • UPD: 10:18, 13.02.2019
Финляндияда «Тақтар ойыны» сериалының желісімен қонақүй ашылды

Лапландияда «Тақтар ойыны» киносериалының желісі бойынша тұрғызылған қонақ үй есігін айқара ашты. Тұтастай мұздан тұрғызылған нысан Вестеростағы қамалға ұқсайды.

Көп сериялы әйгілі туындыда кездесетін айдаһарлар мен алыптардың мүсіні қабырғаларға қашалған. Айта кетерлігі, Сноу Вилладж мейманханасы поляр шеңберінен 200 шақырымда орналасқан. Оның ақ қардан ойып, көк мұзбен көмкерілген жиһазын жасауға Латвия, Литва, Ресей. Польша, Финляндиядан 12 суретші атсалысты. Қонақ үйдің көркемдік безендірілуіне 400 мың келі мұз жаратылған. Естеріңізге салсақ, қиял-ғажайып кинороманының соңғы маусымы сәуір айында көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы