384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Латын Америкасы елдері толассыз жауыннан шығынға батты

  • 490
  • UPD: 11:01, 13.02.2019
Латын Америкасы елдері толассыз жауыннан шығынға батты

Латын Америкасының бірқатар елінде жауын тоқтамай зор шығын әкелуде. Чилиде бірнеше күннен бері жалғасқан нөсерден солтүстік аймақтарды су басып, кей мекендерде азық-түлік жетіспей жатыр.

Себебі өңірлерде біраз көпір мен жолдар бүлініп, жүктерді жеткізу қиындаған. Ал ауа райын болжаушылар алдағы уақытта жауын тағы жауатынын айтып ескертуде.

Себастьян Пинейра, Чили президенті:

- Біздің есебімізше жауын мен су тасқынынан елдің солтүстік аймақтарына 60 миллиард песо немесе 90 миллион доллар шығын келген. Әрине бұл алдын ала есеп. Қазір оның көлемі нақтыланып жатыр. 

Ал көрші Перуде нөсер мен су тасқынынан 10 адам көз жұмып, жүздеген адам жарақат алды. Табиғат апатынан 8 мың тұрғын зардап шекті. Тасқыннан елдегі ең ірі мыс кен өндірісі жұмысын тоқтатты. Билік апат аймақтарында төтенше жағдай жариялап, жапа шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы