419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сирияда 300-ден астам лаңкес қоршауға түсті

  • 1017
  • UPD: 23:19, 19.02.2019
Сирияда 300-ден астам лаңкес қоршауға түсті

Сирияның шығысында «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» 300-ден астам содыры күрд жасақтарының қоршауына түсіп, берілуден бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лаңкестер күрдтерден Идлиб аймағына қарай өту үшін дәліз ашуды талап етуде. Сирия демократиялық күштерінің қандай шешім қабылдағаны белгісіз. Бірақ олар бұған дейін содырларды Иракқа өткізбей қойған. Күрдтердің айтуынша, лаңкестер қазір Багуз мекеніне бекініп, бейбіт тұрғындардың шығуына кедергі келтіруде.

Еске сала кетейік, бірер апта бұрын күрд жасақтары АҚШ-тың қолдауымен Дейр-эз-Зор аймағындағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» соңғы бекіністерін шабуылдауға көшкен. Операция басталмас бұрын аймақтан 20 мың тұрғынның эвакуацияланғаны да хабарланған еді.

Хабар 24 телеарнасы