433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ: Үндістан мен Пәкістан қарым-қатынасын тұрақтандыру қажет

  • 1936
БҰҰ: Үндістан мен Пәкістан қарым-қатынасын тұрақтандыру қажет

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттереш Үндістан мен Пәкістан үкіметін шекарадағы шиеленісті бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Бұл туралы БҰҰ-ның ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді. Үндістан мен Пәкістан қарым-қатынасы 14 ақпан күнгі жарылыстан соң ушыға түскен еді. Кашмир қаласында террорист-жанкешті үндістандық әскерилердің автобусын жарып жіберген болатын. Салдарынан 40 адам қаза тапты. Айта кетейік, 1947 жылдан бастап Кашмир өңіріне Үндістан да, Пәкістан да үмітті даулы аймақ болып саналады.

Стефан Дюжаррик, БҰҰ ресми өкілі:

– Екі мемлекеттің арасында шиеленістің арта түсуіне қатты алаңдап отырмыз. Бас хатшы тараптарды ашуға берілмей, сабырлы болуға және бейбіт жолмен мәселенің күрмеуін шешуге шақырады.

Хабар 24 телеарнасы