387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда карнавалға дайындық жұмыстары басталды

  • 222
  • UPD: 14:28, 27.02.2019
Бразилияда карнавалға дайындық жұмыстары басталды

Рио-де-Жанейро әйгілі Бразилия карнавалына қызу дайындық үстінде.

Қазір салтанатты шара өтетін Самбадром көшесін әсемдеу жұмыстары жүріп жатыр. Шара қарсаңында жергілікті тұрғындар мен туристер мерекелік костюм дүкендерін аралап, әлемдегі ең танымал карнавалды ерекше сәнмен тойлауға асыға дайындалып жатыр. Биыл шаһардағы дәстүрлі мереке наурыздың 1-6-сы аралығы өтеді. Оған жыл сайын миллиондаған турист қатысады. 5 күнге созылатын шара барысында самбо мектептері бір-бірімен сайысқа түсіп, әсем қала ырғақ пен керемет көңіл-күйге бөленеді.

Хабар 24 телеарнасы