386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алжирде 82 жастағы науқас президентке қарсы наразылық шерулері қайта жалғасты

  • 528
  • UPD: 08:29, 04.03.2019
Алжирде 82 жастағы науқас президентке қарсы наразылық шерулері қайта жалғасты informburo.kz

Алжирде президент Абдель Азиз Бутефликаға қарсы наразылық шерулері қайта жалғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға негізінен жастар қатысуда. Олар 82 жастағы науқас президенттің сайлауға тіркелмеуін және елдегі режимді өзгертуді талап етіп жатыр. Себебі, халық 2013 жылы инсульт алып арбаға таңылған Бутефлика елді басқаруға қауқарсыз дейді. Және де бұл мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізетінін айтады. Ал Бутефликаның өзі 24 ақпаннан бері Швейцарияның Женева қаласындағы ауруханада жатыр. Бірақ 2 наурыз күні оның жансақтау бөліміне түскендігі жайлы хабар тараған болатын.

Хабар 24 телеарнасы