Ирактың Мосул қаласында жарылыс болып, 2 адам қаза тапты.
Тағы 10 тұрғын жарақат алды. Лаңкестік шаһардың солтүстігіндегі мейрамхана жанында болған. Полицияның мәлімдеуінше көлікке қойылған бомба жарылды. Терактіні ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Қазір жарылысты ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр.