389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дүниедегі ең жылдам жаратылыс иесі анықталды

  • 773
  • UPD: 22:53, 10.03.2019
Дүниедегі ең жылдам жаратылыс иесі анықталды

Джорджия техникалық институтының ғалымдары ең жылдам жаратылыс иесін анықтады. Бұл Оңтүстік америкалық өрмекші болып шықты.

Оңтүстік америкалық өрмекші (Theridiosomatidae) бірнеше жыл бұрын кездейсоқ Амазон джунглиінде табылған. Буын аяқтыға осындай есім ерекше өрмегі үшін қойылған. Ол конус тәріздес пішіннді және созылмалы, сондай-ақ ол ұясының ішінде жасырынады. Өрмегіне түсіп қалған жәндік дегенде ол катапультадан атылған оқ тәрізді құрбанына ұшып жетеді. Өрмек құрбанын бірден орап тастап, оның қарсыласуына мүмкіндік бермейді. Ғалымдар осы сәтті видеоға түсіріп, өрмекшінің ұшу жылдамдығын тексерген. Нәтижесінде өрмекші секундына 4 метр жылдамдықпен ұшады екен. Ол дегеніміз сағатына 14 шақырым.

МИР

Хабар 24 телеарнасы