389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алжирде Бутефлика шешіміне қарсы шыққандар бар

  • 354
  • UPD: 13:34, 17.03.2019
Алжирде Бутефлика шешіміне қарсы шыққандар бар

Алжирде президент сайлауын кейінге шегеруге қарсы шеру өтті.

Халық президент Абдельазиз Бутефликаның шешіміне наразы. Себебі ел басшысы бұл арқылы өзінің президенттік мерзімін ұзартқан. Сондықтан тұрғындар Бутефликаның биліктен кетіп, сайлау өткізуді талап етуде.

Айта кетейік, ақпан айында президент Бутефлика сайлауға үміткер ретінде тіркелген болатын. Бірақ халық осыдан бес жыл бұрын инсульт алып, арбаға таңылған президенттің ел басқара алатынына күмәнмен қарайды. Сондықтан саяси додадан бас тартуын сұрап көшеге шыққан. Жаппай толқулардан соң наурыздың бас кезінде президент сайлауға қатыспайтынын және оның кейінге шегерілетінін мәлімдеген еді.

Хабар 24 телеарнасы