379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хуситтер Эр-Рияд пен Абу-Дабиге әуеден соққы беретінін ескертті

  • 193
  • UPD: 15:35, 18.03.2019
Хуситтер Эр-Рияд пен Абу-Дабиге әуеден соққы беретінін ескертті

Йемендегі хуситтер жасағы Эр-Рияд пен Абу-Дабиге зымыранмен соққы жасайтынын ескертті.

Бүлікшілер мұндай қадамға Сауд Арабиясы бастаған халықаралық коалиция Ходейдаға шабуыл жасамақ болған жағдайда бармақ. Хуситтердің өкілі Яхья Сареаның айтуынша, олар қарсыластың 300-ден аса әскери нысанын тізімге алған. Соның ішінде Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб әмірліктерінің әскери басшылары қолданатын штаб-пәтерлер де бар. Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың желтоқсан айында Йемен үкіметі мен хуситтер бейбіт келіссөздер жүргізіп, Ходейдадағы қақтығысты тоқтату жөнінде келісімге келген еді. Алайда келісім өз күшіне енген соң көп ұзамай тараптар бір-бірін келісімді бұзды деп айыптай бастады.

Хабар 24 телеарнасы