379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия халқы дәстүрлі карнавалдың кері әсеріне алаңдаулы

  • 92
  • UPD: 09:42, 19.03.2019

Таяуда Бразилияда дәстүрлі карнавал аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, мереке кезінде ұрлық-қарлық көбейіп, кісі өлімі де тіркелген. Тіпті әлі күнге дейін полиция көшелерде кезекшілік етіп жүр. 

Бразилияда ең ауқымды мерекелік шара өтті. Жергілікті тұрғындар мен туристер асыға күтетін дәстүрлі карнавалдың кері тұстары баршылық. Полиция жыл сайын көшелерде қауіпсіздікті күшейтуге мәжбүр. Рио-де-Жанейрода мейрам кезінде қылмыстар саны 4 есе артқан. Полиция департаменттеріне осы күндері қылмыс жөнінен 5 мыңға жуық арыз түсіпті.

Микело Флавио, полиция департаментінің пресс-офицері:

– Бұл құқық қорғау органдары үшін ең ауыр карнавалдардың бірі болған. Аяқталса да, жұмысымыз азаймай тұр. Мысалы осыдан екі күн бұрын кепілге алынған мексикалық туристі босатуға тура келді. Оны ақшалай төлем алу мақсатымен бірнеше күн бойы қамауда ұстаған. Қылмыскерлер мерекені мол олжаға ие болу мүмкіндігі ретінде қарастырады.

Ұрлықпен қатар көшелерде есірткі сату жиілеп кетті. Қылмыскерлер оны көбінесе туристерге ұсынады.  

Карлас Густо, Рио-де-Жанейро қаласының тұрғыны:

– Көшеде наша сатып жатқанын өз көзіммен көрдім. Осылайша көңіл көтергісі келген туристер оны сатып алады. Сосын қылмыскерлермен бірге полиция бөліміне түседі. Елдің тұрғындары карнавалды үреймен күтеді.

Ресми статистикаға сүйенсек, 5 күндік мейрамда мыңдаған турист ұрылардың қармағына іліккен. Жүздеген адам есірткі мен ішімдіктің кесірінен қаза тапқан. Кісі өлтіру оқиғалары да кездеседі.

Авторлары: Анна Орлова, Герберт Рейс 

Хабар 24 телеарнасы