379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

  • 157
  • UPD: 18:00, 19.03.2019
Индонезияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Индонезияның Папуа елді мекеніндегі су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың саны 89-ға жетті.

Тағы 159 тұрғын зардап шеккен. Ал 74 адам іс-түссіз жоғалғандардың қатарында. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше құрбан болғандардың саны артуы мүмкін. Өйткені су тасқыны үлкен аумақты шарпыған. Бүгінгі таңда жеті мыңдай отбасы эвакуациялық орталықтарға көшірілді. Табиғаттың тосын мінезі салдарынан 350 тұрғын үй, 3 көпір, 8 мектеп және инфрақұрылым кешендері қираған. Апат орнында 1,5 мыңнан астам құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы