379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда нөсерден 17 адам көз жұмды

  • 157
  • UPD: 07:47, 26.03.2019
Иранда нөсерден 17 адам көз жұмды KP.UA

Иранның оңтүстігіндегі Фрас аймағын топан су басып, 17 адамның өліміне әкеп соқты.

Бірнеше күн бойы шелектеп құйған нөсер жаңбырдың арты селге ұласып, Иранның өзге де аймақтарын әбігерге салды. Мәселен, 56 мың тұрғыны бар Мазандаран мен Голестандағы 270 ауыл мен елді мекенде төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлайды. Сондай-ақ Каспий жағалауындағы халық та топан судан зардап шегуде. 

Хабар 24 телеарнасы