377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангкокте ерекше кафе ашылды

  • 170
Бангкокте ерекше кафе ашылды

Бангкокте корги кафесі кеңінен таныла бастады.

Аяқтары қысқа, құлақтары ұзын корги тұқымдас 12 күшік дәмханаға келушілердің көңілін аулайды. «Бақтағы коргилер» деп аталатын дәмхана саққұлақтарды үш мезгіл бақта ойнатады. Келушілер бір сағат бойы сүйкімді күшіктермен ойнап, тамақтандырып, фотоға түсе алады. Тек ол үшін 11 доллар төлеу қажет. Дәмхана иесінің айтуынша, әу баста ол тек жұп коргиді асырап алған екен. Кейін олар күшіктеп, саны көбейді. Күшіктерін таратуға көзі қимаған дәмхана иесі корги кафесін ашуды ұйғарды. Бұл идеясы ойдағыдай іске асып, қазір дәмханаға келушілердің саны артқан.   

Хабар 24 телеарнасы