377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиде жарылыстан 15 адам қаза тапты

  • 107
Сомалиде жарылыстан 15 адам қаза тапты

Сомали астанасы Могадишода жарылғыш зат орнатылған автокөліктің күлі көкке ұшты.

Салдарынан 15 адам ажал құшты. Оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Автокөлік халық көп шоғырланатын, әрі мейрамханалар мен қонақүйлер көп орналасқан көшеде тұрған.

Естеріңізге салайық, елде бұндай шабуылдар жиі болып тұрады. Әдетте олардың көбін аймақтағы атышулы «Әл-Шабаб» террорлық тобы ұйымдастырады. Аталмыш топ 2012 жылы «Әл-Каида» лаңкестік ұйымына қосылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы