379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда су тасқынынан 17 адам қаза тапты

  • 122
Ауғанстанда су тасқынынан 17 адам қаза тапты

Ауғанстанның батыс бөлігінде жауын нөсерлетіп, су тасқыны жүріп, 17 адам қаза тапты.

500 үй қирап, мыңдаған адам жапа шекті. Тасқыннан аймақтағы егін шаруашылығына зор нұқсан келген. Жергілікті тұрғындар бұл өңірдегі соңғы 20 жылда болып тұрған ең ірі су тасқыны дейді. Қазір табиғат апатына ұшыраған өңірлерде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік, өткен жылы Ауғанстанның осы батыс бөлігін құрғақшылық жайлап, жүздеген мың адам босқынға айналған. Сондықтан қазіргі нөсер мен су тасқыны өңірдегі жағдайды одан бетер нашарлатып жіберді.

Хабар 24 телеарнасы