389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтонда сакураның гүлдеуіне орай фестиваль өтіп жатыр

  • 353
  • UPD: 23:46, 31.03.2019
Вашингтонда сакураның гүлдеуіне орай фестиваль өтіп жатыр

АҚШ астанасында шие ағашы гүлдеп, шаһар халқы осы бір әсем мезгілге арналған дәстүрлі фестивальді атап өтіп жатыр.

Жапонша «сакура» деп аталатын шие ағашының гүлденуін тамашалауға Вашингтонға жыл сайын 3 миллионға жуық саяхатшы келеді. Наурыздың 20-сында басталған салтанатты шара сәуірдің ортасына дейін жалғасады. Оның аясында 40-қа жуық түрлі кеш өткізу қарастырылған. Ал бұл шие ағаштарын шаһарға өткен ғасырдың бас кезінде Токио мэрі достық белгісі ретінде сыйға тартқан. Содан бері Вашингтонда жапондар сияқты шиенің гүлденуін тамашалау дәстүрі қалыптасқан.

 

Хабар 24 телеарнасы