377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кубада азық-түлік тапшылығы белең алды

  • 136
  • UPD: 08:22, 08.04.2019

Кубада азық-түлік пен күнделікті өмірге қажетті заттар тапшылығы қайта белең алды.

Елде алдымен дәрі-дәрмек, содан кейін дүкен сөрелерінен ұн, өсімдік майы, жұмыртқа және ет жоғала бастаған. Салдарынан қара нарықтағы азық-түлік бағасы шарықтап, дүкендер алдында ұзын сонар кезектер жиілеген. Себебі айына орташа есеппен 30 доллар жалақы алатын кубалықтар дүкендерге тауарлар түскенде барынша қамданып қалады.

Рохелио Санчес, жергілікті тұрғын:

- Қазір бүкіл ел аумағында азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар тапшылығы байқалады. Бірақ дүкендер тауарларға қайта толады деп сенемін. Жағдай оңалатын шығар.

Ал сарапышлардың айтуынша, Кубадағы тауар тапшылығына бірнеше себеп бар. Ол ең алдымен Кубаның әріптесі Венесуэладан импорттың қысқаруы және АҚШ санкцияларынан туындаған. Бұдан бөлек Гавананың Бразилиядан өз дәрігерлерін елге қайтаруы да кері әсерін тигізген.

Хабар 24 телеарнасы