379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Руандада геноцид құрбандарын еске алу рәсімі өтті

  • 71
Руандада геноцид құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Руандада 1994 жылы болған геноцид құрбандарын еске алу рәсімі өтті.

Ширек ғасыр бұрын мұнда үш айдың ішінде 500 мыңнан жарты миллионға дейін адам өлтірілген. Олар тутси мен хуту ұлыстарының өкілдері еді. Адамдарды жаппай қыру азаматтық соғыстың нәтижесінде елді басып алған уақытша үкіметтің бұйрығымен орындалған. Жантүршігерлік оқиға кезінде ерлер мен әйелдерді, тіпті балаларды соққыға жығып, атып тастаған. Күн сайын орта есеппен 10 мың адамның өмірі қиылды. Тутси ұлысының 70 проценті жойылды. Қудалау 1994 жылдың 6 сәуірінде басталған. Сол күні бортында Руанда мен Бурундидің президенттері бар ұшақ Кигалиге жақындаған кезде атып түсірілген еді. Ұлтшылдар бұған тутси ұлысының өкілдері кінәлі деп тауып, халықты жаппай қыра бастаған. Руанданың патриоттық фронты билікке келген тұста геноцид тоқтатылды. Еске алу шарасына мемлекеттік орган басшыларымен бірге, шетелдік саясаткерлер де қатысты.

Хабар 24 телеарнасы