388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Радикалды топтар өздеріне жақтастарды жинау үшін әлеуметтік желіні жиі қолданады

  • 594
  • UPD: 22:23, 09.04.2019

Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан саясаттанушыларының кездесуі өтті.

Көрші ел мамандарының айтуынша, экстремисттер арнайы қызметтерден гөрі ай-ти технологияларды тиімдірек әрі жиі қолданады екен. Өзара пікір бөліскен қос елдің сарапшылары экстремизммен күресудің ең нәтижелі құралдарын да айқындады.

Әлеуметтік желілердің ашықтығы, онда экстремисттік сипаттағы хабарламалар мен тыйым салынған әдебиетті орналастыру мүмкіндігі. Сарапшылардың пікірінше, радикалды ұйымдар өз жақтастарын ғаламторда осы жолмен тауып жүр. Тіпті кейде діни қызметкерлер де мұндай үгіт жүргізген, бірақ қазір жағдай түпкілікті өзгерді. 

Таисия Мармонтова, Еуразиялық зерттеулер қауымдастығының атқарушы директоры:

- Түсіндіру топтары жұмыс істей бастады, имамдардың біліктілігін жетілдіретін мектептер ашылған. Бұл діни қызметкерлердің сауатын, білім деңгейін көтеруге бағытталған. Олар жамағат арасында арам пиғылды ойларды кімдердің таратып жүргенін өздері түсінуі керек.

Имамдардың жұртты осындай топтардың қармауынан сақтап алатын мүмкіндіктері бар. Бірақ ол үшін өздері де жоғары білімді болуы тиіс. Діни қағидаттардың бұрмалануын ажырата алу керек. Сарапшылардың пікірінше, халықты ағарту ісінде діни қызметкерлерге зор жауапкершілік артылған.

Токон Мамытов, омбудсмен:

- Ислам дініне келетін болсақ, дәстүрлі қағидаттары жақсы. Оның негізін еске салып жүргеннің зияны жоқ. Бірақ бұл мақсатта радикалды әдістерді қолдануға шақырса, одан қауіптенуіміз керек.

Қос ел де экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы белсенді күресіп жүр. Бұл жұмысты түрлі діни ағымдардың өкілдері, жергілікті билік пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірлесіп атқарып келеді. 

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы