378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WikiLeaks негізін қалаушы Ассанж қамауға алынды

  • 114
WikiLeaks негізін қалаушы Ассанж қамауға алынды

Ұлыбританиядағы Эквадор елшілігінде Wiki-Leaks құрылтайшысы Джулиан Ассанж қамауға алынды.

Белгілі болғандай, Эквадор оған пана беруден бас тартқан соң, елші полицейлерді шақырған. Джулиан Ассанж АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирактағы әскери операциялары туралы, Гуантанамо түрмесіндегі былықтар сияқты әлемдік державалардың құпияларын жариялаумен танымал. 2012 жылы Швецияға экстрадицияланудан жалтару үшін Эквадордың Лондондағы елшілігінен пана сұраған. Ал Швецияда Ассанж зорлау дерегі бойынша айыпталған болатын. Алайда ол өзіне тағылған айыптаулардың біреуін де мойындамай отыр.

Хабар 24 телеарнасы