379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда 6,8 балдық жер сілкінісі болды

  • 102
Индонезияда 6,8 балдық жер сілкінісі болды

Индонезияның Сулавеси аралында 6,8 балдық жер сілкінісі болып, жағалауға жақын жатқан мекендерден тұрғындар жаппай эвакуацияланып жатыр.

Себебі аралға цунами қаупі төнген. Зілзала ошағы Лувук қаласынан оңтүстікке қарай 107 шақырымдай жерде тіркелді. Бірақ табиғат апатынан үйлердің қирап, жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Айта кетейік, Индонезияда жер сілкінісі мен цунами жиі болады. Себебі мемлекет Тынық мұхитындағы жанартаулар көптеп шоғырланған аймақта орналасқан. Мысалы, өткен жылы қыркүйек айында осы аралдағы Палу қаласына жақын жерде зілзала мен цунами болып, 2 мыңнан астам адам опат болған еді.

Хабар 24 телеарнасы