388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда тасқыннан 76 адам қаза тапты

  • 248
Иранда тасқыннан 76 адам қаза тапты

Иранда бірнеше күн жауған жауын салдарынан 76 адам ажал құшты.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, табиғаттың тосын сыйынан ел экономикасы 2,2 миллиард доллар шығынға батты. Төпелеп жауған жауын осыдан 3 апта бұрын басталған. Салдарынан елдің 25 провинциясындағы елді мекендер топан су астында қалды. Өңіре көпірлер құлап жатыр. Мыңдаған адам баспанасынан кетуге мәжбүр. Зардап шеккен аймақтарға барынша гуманитарлық көмек көрсетілуде. Алайда көмекке мұқтаж 400 мың тұрғынға бұл жеткіліксіз болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы