377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та жүргізуші көлікпен бір топ адамды қағып кетті

  • 114
  • UPD: 07:45, 17.04.2019
АҚШ-та жүргізуші көлікпен бір топ адамды қағып кетті

Филадельфияда (Пенсильвания штаты) сейсенбі күні белгісіз ер адам көлігімен бір топ адамды басып кетті.

Салдарынан 6 адам жараланып, ауруханаға түсті. Олардың біреуі ауыр халде жатыр.

Оқыс оқиға қаланың солтүстік бөлігінде болды. Күдікті ұсталды, бірақ оның кім екендігі айтылмай отыр. Полиция болжауынша, күдікті ұрыс-керістен соң осындай әрекетке барған болуы мүмкін.

ABC

Хабар 24 телеарнасы