378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перу венесуэлалық мигранттарды еліне қайтарды

  • 140
Перу венесуэлалық мигранттарды еліне қайтарды

Перу билігі 40-тан астам венесуэлалық мигрантты еліне қайтарды.

Сотталғандығын жасырған кірмелер Перуде заңсыз мекендеген. Департацияланғандардың барлығы Лима қаласында қолға түсіп, ұшақпен отанына жеткізілді. Елдің ішкі істер министрлігі миграциялық заңды бұзғандардың қатары әлі де артуы мүмкін деп, оларға қатысты қатаң шара қолдану керек екенін айтты. Рейтер ақпарт агенттігінің хабарлауынша, Перудегі 700 мың венесуэлалық кірменің біразы өткен жылы келген. БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, Венесуэладан 2015 жылдан бері жақсы өмірді арман еткен 3 млн адам шекара асты. 

Хабар 24 телеарнасы