378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждегі Нотр-Дам шіркеуін қалыпқа келтіру жұмыстары басталады

  • 225
  • UPD: 08:58, 02.05.2019
Париждегі Нотр-Дам шіркеуін қалыпқа келтіру жұмыстары басталады

Нотр-Дам-де-Пари шіркеуін жақында қайта қалыпқа келтіру жұмыстары басталады. Бұл үдеріс барысында француз билігі кадр жетіспеушілігіне тап болған.

Елде көне заттарды қайта қалыпқа келтіретін құрылысшылар мен шеберлер тапшы. Профильді мамандарды дайындау орталықтары бірден жас ағаш ұсталарын оқытуды бастап кетті. Ұстаздардың айтуынша, Францияда көне ғимараттар көп болғандықтан, бұл мамандық алдағы уақытта сұраныста болады.

Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын Нотр-Дам-де-Пари шіркеуі отқа оранған еді. Салдарынан қызыл жалын ғимараттың шатырын және готикалық мұнарасының көзін жойды. Президент Эммануэль Макрон шіркеуді бес жыл ішінде қалыпқа келтіремін деп уәде беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы