378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода мыңнан аса адам Эболадан көз жұмған

  • 139
  • UPD: 07:50, 04.05.2019
Конгода мыңнан аса адам Эболадан көз жұмған ИА Regnum

Конго Демократиялық Республикасында 2018 жылдан бері мыңнан аса адам Эбола індетінен көз жұмған.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды, деп жазады life.ru.

2019 жылғы 3 мамырдағы жағдай: 1529 дерек, соның 1463-і расталған, қалған 66-сы тексерілуде, көз жұмғандар саны – 1008. Емделгендер саны – 422.  

Мамандар вирустың тез таралуына және қайғылы жағдайдың жиілеуін тұрғындардың дәрігерлерге деген сенімсіздігімен, тиісінше емханаларға уақтылы бармауымен байланыстырады.

Хабар 24 телеарнасы