378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкада теракт ұйымдастырған лаңкестердің барлығы ұсталды

  • 124
Шри-Ланкада теракт ұйымдастырған лаңкестердің барлығы ұсталды bigmir net

Шри-Ланкадағы жарылыстарға қатысы бар лаңкестердің барлығы қолға түсті.

Олардың кейбіреулері арнайы әскери операция кезінде қаза тапты. Бұл туралы Рейтер ақпарат агенттігі хабарлайды. Тергеу барысында жарылғыш зат жасайтын материалдар тәркіленді. Лаңкестер оны жаңа теракт ұйымдастыру үшін пайдаланбақ болған екен. Еске салайық, сәуірдің 21 күні бірнеше шіркеуде болған жойқын жарылыстардан 250-ден астам адам мерт болған еді.

Хабар 24 телеарнасы