378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда жер сілкінісінен екі адам зардап шекті

  • 55
  • UPD: 13:37, 10.05.2019
Жапонияда жер сілкінісінен екі адам зардап шекті © Global Look Press

Жапонияда оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында болған жер сілкінісі салдарынан кем дегенде екі адам зардап шекті.

Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.

Айта кеткен жөн, соның ішінде Ойта қаласында 79 жастағы ер адам мен Кирисима қаласында 40 жастағы әйел зардап шекті.

Миядзаки қаласында күшті зілзала салдарынан су құбыры зақымдалған. Аралдың оңтүстігінде электр тарату желілері үзілген.

Бұдан бұрын Жапонияның Кюсю аралында 6,3 магнитудалы жер сілкінді.

Хабар 24 телеарнасы