378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фуджейра жағалауында мұнай танкерлеріне шабуыл жасалды

  • 86
  • UPD: 08:04, 14.05.2019
Фуджейра жағалауында мұнай танкерлеріне шабуыл жасалды

Біріккен Араб Әмірлігінің жағалауында Сауд Арабия елінің екі танкеріне шабуыл жасалды.

Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы өнеркәсіп, минералды ресурстар және энергетика министрі Халед бен Абдель Азиз аль-Фалех мәлімдеді. Бұған дейін Абу-Дабидің билік өкілдері төрт кемеге шабуыл жасалғанын хабарлаған еді. Дегенмен, оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз. Ал араб басылымдары Фуджейра жағалауында жарылыс болғанын жазып жатыр. Бірақ әмірлік үкіметі бұл ақпардың жалғандығын хабарлады. Айта кетейік, шабуыл болған жер Ормуз бұғазы маңында орналасқан. Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіске байланысты бұл өңір бұқаралық ақпарат құралдарының жіті бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы