378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Босния және Герцеговинада су тасқынынан тұрғындар эвакуациялануда

  • 67
  • UPD: 12:35, 15.05.2019
Босния және Герцеговинада су тасқынынан тұрғындар эвакуациялануда

Балқан түбегінде бірнеше күн жауған жауын тасқынға ұласты.

Топан су астында қалған Босния және Герцеговинада өзендер арнасынан тасып жатыр. Мамандар тас жолдарда лай көшкіні жүру қаупі бар екенін айтады. Аймақта көлік қатынасы тежелді, мектептер мен басқа да мекемелер жұмысын уақытша тоқтатты. Құтқарушылар табиғаттың тосын сыйынан зардап шеккен өңірлерде тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Әзірге апаттан нақты қанша адам мерт болғаны белгісіз. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бір баланың тағдығы беймәлім.  

Хабар 24 телеарнасы