378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ослода жүргізушісіз электр автобусы іске қосылды

  • 174
  • UPD: 10:03, 22.05.2019
Ослода жүргізушісіз электр автобусы іске қосылды inform.kz

Ослода 11 орындық жүргізушісіз автобус іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Салтанатты рәсімге қатысқан Норвегия астанасының мэрі Марианна Борген аталған көлік құралы сәтті пайдаланылған жағдайда кеңейтілуі жоспарланып отырған пилоттық жоба екенін атап өтті.

Тағы бір ерекшелігі - көлік құралы электронды. Әзірге электр автобусының қозғалысын жолаушыларға қызмет көрсететін маман бағыттап отырады, қажет болған жағдайда ол көлікті жүргізуге дайын болады.

Бұған дейін мұндай жоба елдің оңтүстігінде сыннан өткен болатын. Онда автобустар жолаушыларды 2 км қашықтыққа тасымалдады.

Хабар 24 телеарнасы