389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Болгарияда жолаушылар пойызы өртеніп кетті

  • 246
  • UPD: 09:05, 24.05.2019
Болгарияда жолаушылар пойызы өртеніп кетті

Бейсенбі күні Болгария астанасы Софиядан Горна Оряховица қаласына бара жатқан жолаушылар пойызы елдің солтүстік-батысындағы Роман қаласының маңында өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Nova TV телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын ала деректерге қарағанда, локомотивте жергілікті уақытпен 20:00 шамасында өрт тұтанған. Машинистер шұғыл түрде пойызды тоқтатып, отты сөндіруге кіріскен. 300-ге жуық жолаушының барлығы эвакуацияланды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

Оқыс оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы