378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда жастықпен ұрудан жарыс өтті

  • 155
  • UPD: 08:33, 27.05.2019
Жапонияда жастықпен ұрудан жарыс өтті Twitter

Жапонияның Сидзуока префектурасында ерекше спорт түрі – жастықпен ұрыстан сайыс өтті.

Жай жарыс емес, ұлттық біріншіліктің іріктеу турнирі. Осыдан 6 жыл бұрын жоғарғы сынып оқушыларының ойынынан басталған сайыс қазір ел арасында кеңінен танымал бола бастаған. Тәртіпке сәйкес, сайыскерлер ұйықтап жатқандай сыңай танытып, ысқырық естілгенде, орындарынан атып тұрып, жастықпен қарсыласын шабуылдауы тиіс. Міндет командадағы патшаны қорғау. Жарысқа қатысушылар сайыс физикалық күшпен бірге ойлауды да қажет ететінін айтады. Ал бұл жолғы іріктеу ойынында BlancWhite (БлаУайт) командасы жеңіске жетті. 

Хабар 24 телеарнасы