378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп жақтастары қабырғаны өз қаржысына тұрғызып жатыр

  • 167
  • UPD: 18:43, 29.05.2019
Трамп жақтастары қабырғаны өз қаржысына тұрғызып жатыр BBC.com

Президент Трамптың жақтастары Мексикамен араға қорған тұрғызып жатыр.

Ал қаражатты өз қалталарынан шығарады. Даулы мәселе осылай шешімін табатын түрі бар. Бұған дейін конгресс Трамптың қорған саламын деп сұраған ақшасын бермей қойған еді. Істі мүгедек, бұрынғы әскери Брайан Колфейдж қолға алған. Ол әлеуметтік желіде өзі құрған қайырымдылық қоры арқылы қорған тұрғызып жатқанын хабарлаған. Оның айтуынша, жиналған қаржы 30 шақырымдық 2 ауданды қоршауға жұмсалады. Ал АҚШ-тың шекара қызметі бұл шараға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, АҚШ соты өткен аптада президент Трампқа Мексикамен арадағы шекара үшін Пентагонның бюджетін пайдалануға тыйым салған болатын.

Хабар 24 телеарнасы