384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эйфель мұнарасында экстремалды аттракцион ашылды

  • 148
  • UPD: 08:14, 31.05.2019
Эйфель мұнарасында экстремалды аттракцион ашылды Vesti.Ru

Әлемге танымал Эйфель мұнарасында «Өмірде бір рет» деп аталатын аттракцион ашылды.

Ұйымдастырушылар оны Париж нышанының 130 жылдығына орай орнатқан. Әткеншек ұзындығы 800 метрге созылған, ал биіктігі – 115 метр. Экстримді ұнататын жандар оны бір минутта сағатына 90 шақырым жылдамдықпен ытқып өтеді. Күніне оны 300-ге жуық адам көре алады. Әзірге келушілер үшін аттракцион тегін.

Хабар 24 телеарнасы