389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Албанияда бірнеше жер сілкінісі болып, жүзге жуық үй қирап қалды

  • 625
Албанияда бірнеше жер сілкінісі болып, жүзге жуық үй қирап қалды

Албанияның оңтүстік-шығысында 2 сағаттың ішінде 5,3 балдық бірнеше жер сілкінісі болып, жүзге жуық үй бүлініп қирап қалды.

5 адам жарақаттанған. Зілзала ошағы Корча ауданынан 15 шақырымдай жерде тіркелді. Кей мәліметке қарағанда аймақта әлсіз дүмпулер оқтын-оқтын қайталанып жатыр. Бірақ құзыретті органдар тарапынан қатты жер сілкінісі болатындығы туралы хабар тарамаған. Дегенмен адамдар кешегі зілзаладан кейін қорқып қалғандарын айтады.

Петрит, жергілікті тұрғын:

– Таңғы сағат 6 жарымға таман оянып, сиыр саууға барғам. Бір кезде жер сілкініп қоя берді. Дереу үйге кіріп балалар мен үлкендерді оятып, сыртқа жүгіріп шықтық.

Хабар 24 телеарнасы