378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ла-Манш арқылы Британияға кірмек болғандар ұсталды

  • 111
  • UPD: 21:44, 02.06.2019
Ла-Манш арқылы Британияға кірмек болғандар ұсталды

Британдық шекарашылар ел аумағына Ла-Манш арқылы өтпек болған 74 мигрантты ұстады.

Босқындар Ұлыбританияға қарай 8 қайыққа отырып жолға шыққан. Бірақ олардың тек біреуі ғана Уинчесли қаласына жеткен. Қалған екеуін француз шекарашылары, ал бесеуін ағылшын сақшылары ұстады. Келімсектер арасында балалар да бар. Оқиғаға байланысты Ұлыбритания Ішкі істер министрі бұғазды түнгі уақытта кесіп өтуге талпынатын келімсектердің көбейгеніне алаңдаушылығын білдірді. Оның айтуынша бұл олардың өміріне өте қауіпті. Өйткені Ла-Манш әлемде кеме ең көп қатынайтын өткелдің бірі болып саналады.

Крис Хоббс, Ұлыбритания шекара қызметінің бұрынғы офицері:

- Әдетте мигранттардың ел шекарасын заңсыз кесетін жерін анықтап тапсаң, тез арада екіншісі пайда болады. Бұл Ұлыбритания мен Еуропалық құқық қорғау органдары үшін үлкен мәселеге айналды.

Хабар 24 телеарнасы