389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Ирландияда лаңкестік әрекеттің жолы кесілді

  • 208
  • UPD: 10:01, 03.06.2019
Солтүстік Ирландияда лаңкестік әрекеттің жолы кесілді

Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында полиция лаңкестік әрекеттің жолын кесті.

Тәртіп сақшылары полиция көлігіне бекітіп кеткен бомбаны тауып, залалсыздандырды. Әзірге жарылғыш затты көлікке қандай лаңкестік ұйым орнатқаны белгісіз. Бірақ полиция оны радикалды солтүстікирландиялық республикашылар қоюы мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, соңғы айларда Ұлыбританияның Ольстер қаласында радикалды күштердің әрекеті күшейген. Оған Біріккен Корольдіктің Еуроодақтан шығатынына байланысты Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасы арасындағы шекара мәселесі себеп болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы