378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлер декларация тапсыруға міндеттеледі

  • 126
  • UPD: 15:32, 06.06.2019

Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлер табысы мен мүлкін декларациялауға міндеттеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы көрші ел басшысы арнайы жарлыққа қол қойды. Өзбекстан президенті құзырлы орган өкілдеріне қажетті құжаттарды әзірлеу үшін үш ай уақыт берді. Мемлекеттік қызметкердің жеке табысынан бастап отбасы мүшелері мен жақын туыстарының кірісі және мүлкі жарияланады. Әзірге бұл тізімде Парламент қос палатасының депутаттары жоқ. Дегенмен болашақта халықтың қалған бөлігі де декларация тапсырулары мүмкін. «Бұл заң мемлекет қызметкерлінің арасындағы сыбайластыққа тікелей тосқауыл бола алады», – дейді мамандар.

Жамшид Пирматов, Өзбекстан Республикасы Олий мәжілісі заң шығару палатасының депутаты:

- Мемлекет қызметкерлерінің табысы мен мүлкін декларациялау  жұмысын жолға қоятын болсақ, онда бірінші кезекте ашықтық пен жариялылыққа қол жеткіземіз. Бұл болашақта халыққа пайдасы тиетін  бірегей заң жобаларының бірі болады деп есептеймін. 

Хабар 24 телеарнасы