389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Молдовада саяси дағдарыс күшейді

  • 271
Молдовада саяси дағдарыс күшейді Sputnik Молдова

Ақпан айынан басталған партияаралық текетірестен елдегі жағдай ушықты.

Себебі парламенттік сайлаудан кейін 3 ай бойы үкімет құрылымдалмай, заң бұзылған. Президент Игорь Додон өткен жұма күні жаңа сайлау тағайындауы керек еді. Алайда Додонды қолдаушы «Социалистік партия» тек сенбі күні ғана еуропалық бағыттағы одақпен бірігіп үкімет құрды. Бірақ Влад Плахотнюктің «Демократиялық партиясы» Конституциялық сотқа шағымданып, президент Игорь Додон лауазымнан алынып тасталды. Премьер-министр Павел Филип уақытша президенттің міндетін атқарушы етіп тағайындалып, қыркүйек айында парламенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылданды. Бірақ оған енді социалистер наразылық танытуда.

Хабар 24 телеарнасы