383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та тікұшақ 54 қабатты ғимаратқа соғылды

  • 113
  • UPD: 09:18, 11.06.2019
АҚШ-та тікұшақ 54 қабатты ғимаратқа соғылды twitter.com/NBCNew

Нью-Йорктың қақ ортасында орналасқан 54 қабатты ғимаратқа тікұшақ құлады.

Оқиғадан әуе көлігінің бортында болған ұшқыш мерт болды. Құтқарушылар ғимарат ішінде болғандарды шұғыл эвакуациялауға кірісті. Қазір бұл жер жан-жақтан қоршауға алынған. Ал апаттан кейін шыққан өртті ауыздықтау үшін өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Олардың жұмыстарына қатты жел мен жауын-шашын кедергі болып тұр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұшқыш көкке көтерілген соң белгісіз себептермен 11 минуттан кейін апатқа ұшыраған. Оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы